“Операция жарты жылдан астам уақыт жүргізілді”. ҰҚК Сириядан 7 жасар қызды елге жеткізді

2422
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын қайтарды. Бұл туралы ақпарат комитеттің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 Онда мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ шетелдік серіктестерімен бірлесіп, азаматтарды террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша қарқынды жұмысты жалғасып жатқаны жазылған.

Нәтижесінде Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызы қайтарылды. Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілген.

“Қазіргі уақытта бала Астана қаласының балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Осы сәтте қыз бала медициналық тексеруден өтіп жатыр. Оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Жақын кезеңде ол туыстарының қатарынан қамқоршыларға берілетін болады”, - делінген ақпаратта. 

Айта кетейік, комитет соңғы 4 жылда террористік белсенді аймақтардан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы Қазақстанға қайтарған.

Пікірлер