Петр Своик: Қазақстан – орыс әлемінің бір бөлшегі (ВИДЕО)

3392
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық экономист, саясаттанушы Петр Своик қазақтар мен Қазақстанды «орыс әлемінің бөлшегі» деп атады. Бұл туралы ол AIRAN YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан мен қазақтар ­– тарихи тұрғыдан да, географиялық тұрғыдан да алып қарағанда орыс әлемінің бір бөлшегі. Оңай болмады. Алайда Қазақстан да, қазақ ұлты да — осы істің бөлігі»,—деді ол.

Саясаттанушы білімді қазақтардың барлығы автоматты түрде қазақи ортада орысша сөйлейтінін атап өтті.

«Қазақстаннан өзге ұлт өкілдері жоқ болып кетсе де, қазақтар орыстілді болып қала береді. Тіл бар жерде көзқарас та, білім де, информатика да, тағы басқалары да бар. Орыс әлемі болған, бар және бола да береді», - деді Петр Своик.

Бұған дейін қайраткер «Қазақстанның мемлекеттік тілі – орыс тілі» деген даулы мәлімдеме жасаған еді.

Пікірлер