Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Ильхам Әлиевті қарсы алды

2037
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Ильхам Әлиев пен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Әзербайжан басшысы құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қазақстан Президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Бұған дейін Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланғанын хабарлаған едік. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.

Пікірлер