NYT: АҚШ-тың Украина, Таяу Шығыс және Қытай туралы 100 жаңа құпия құжаттары желіде тарап кетті

2484
Adyrna.kz Telegram

Интернетте Украина, Қытай және Таяу Шығыс елдеріне қатысты, сондай-ақ терроризмге қарсы тақырыпты арқау еткен америкалық құпия құжаттар жаңа легі жарық көрді. Бұл туралы The New York Times газеті хабарлады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы. 

Басылымның хабарлауынша, ақпараттар легі 100-ден астам құпия құжаттарды қамтиды. Олар Twitter-де және басқа әлеуметтік желілерде жарық көрген. Құжаттардың бірі, мысалы, Бахмуттағы соғыс картасы анонимді 4chan форумында жарыққа шыққан, деп хабарлайды NYT. Ал құжаттардың бірі легі 23 ақпанда дайылдалып, "Құпия" нышанымен белгіленген.

 - Мұнымен қоса біріктірілген файлдар арасында Қытай мен Таяу Шығысқа қатысты өткен жұмбақ брифингтердің слайдтары табылды,  - дейді газет сауалнамасына қатысқан сарапшылар.

Басылым басын құраған сарапшылар құпия құжаттар легінің әлем елдеріне, соның ішінде Украина әскери жоспарының ойдағыдай орындалуына нұқсан келтіретінін хабарлады.

АҚШ Әділет министрлігі бұл жағдай бойынша тергеуді бастағанын және Пентагонмен [АҚШ қорғаныс министрлігі] байланыста екендігін жеткізді.

Дәп сол күні The New York Times газеті Пентагонның Twitter-дегі құпия құжаттарды, әсіресе АҚШ пен НАТО-ның украин күштерінің "қолтығына су бүркеуге" қатысты құпия жоспарларын егжей-тегжейлі сипаттайтын құжаттарды тапқанын хабарлады. Газет ғаламтор алаңына "шашырап түскен" ақпараттар легінің арасында қару-жарақ жеткізу кестелері мен әскер саны туралы ақпарат бар деп мәлімделді.

Украина Президенті Кеңсесі Басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк әлеуметтік желіге тараған құжаттарды фотошоп және "жалған ақпар" деп айыптап, басын алып қашқан. Алайда, The New York Times газеті  дереккөздерге сілтеме жасай отырып, әлемдік құбылыстың астарында күштік құрылымдардың ықпалы жатқанын жазып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер