Израиль. Тель-Авивте бейбіт тұрғындарды таптаған автокөлік апатын полиция теракт деп хабарлады

2347
Adyrna.kz Telegram

Израильдің Тель-Авирв қаласында автокөлік жүргізушісі жағалауда жүрген қалың тұрғындарды нысанға алып, оларды көлікпен қақты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл хақында The Jerusalem Post және Kan агенттіктері хабарлады.

Тұрғындардың ортасына мінбелеп, оларды қаққан көлік апатымен қоса оқиға орнында атыс та болған. Атыс салдарынан жағалауды кезген екі бейбіт тұрғын жарақат алды. Қатар болған қос қақтығыс нәтижесінде бір адам қайтыс болып, жетісі жараланды.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, оқиғаны полиция қызметкерлері теракт деп айыптап отыр.

The Times of Israel агенттігі екі оқиғаны да бір адамның жүзеге асырғанын алға тарты. Израильдің Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны лаңкестік шабуыл деп атады. Қаза тапқан адамның Италиядан келген турист екенін жеткізді. Жаралылар да туристер болып шықты.

Сонымен қатар, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху тұрғындарға жасалған шабуылдан кейін шекара полициясының қызметін нығайтып, қосымша күш шақыруға бұйрық берген.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер