Ол агенттік төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалды", - делінген ақпаратта.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Олжас Бектенов болатын. Ол бірер күн бұрын ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.