Үкімет басшысы арзан жанармайдың әртүрлі жолмен сыртқа кетіп жатқанын айтты

4338
Adyrna.kz Telegram
Steam-pipe at oil field, Bakersfield, California, USA
Steam-pipe at oil field, Bakersfield, California, USA

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жанар-жағармай бағасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме көрсетіп.

Үкімет басшысы қара алтын бағасының көтерілуін саяси бағытта бағамдап, өзіндік себептерін түсіндірді. Оның айтуынша, баға көтерілмесе, ел мұнай өнімдерінің тапшылығына тап келуі мүмкін.

«Кеше Энергетика министрлігі елімізде жанар-жағармай бағасының өсетінін мәлімдеді. Осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Яғни, бағаны қайта қарамасақ, онда жақында мұнай өнімдерінің тапшылығына тап боламыз. Бізде дизель отынын қолдану жылына бір адамға 300 литрден келеді. Ал Ресейде бұл көрсеткіш - 225 литр, Қырғызстанда - 90 және Өзбекстанда - 44 литр. Мемлекет жанар-жағармай өндірісін ұлғайту бойынша тиісті шаралар қабылдап жатыр. Соңғы бес жылда бензин өндірісі 70 пайызға, ал дизель отыны 33 пайызға өсті», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасау басысында.

Әлихан Смайылов мұнай компанияларының қара алтынды "қазбалауда"  жоғары қарқынмен жұмыс істеп жатқанын айтып, ел байлығының сыртқа кетіп жатқанын да ашып айтты. Бұл жайында:

«Дегенмен жанар-жағармай нарығында тапшылық мәселесі азаяр емес. Қазақстандық арзан жанар-жағармай әртүрлі жолмен көрші елдерге кетіп жатыр. Осылайша отандық арзан жанар-жағармай өзіміздің мүддесіне емес, көрші мемлекеттердің экономикасына жұмыс істеп отыр», - деп сөзін түйіндеді Прьемер-Министр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер