Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Ерұлан Жамаубаев өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерге жауапты:
- қаржы секторы;
- макроэкономикалық саясат;
- бюджет, салық және кеден саясаты;
- мемлекеттік жоспарлау жүйелері;
- тариф саясаты;
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту;
- инвестициялық саясат;
- табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
- статистика;
- жобалық басқаруды дамыту;
- халықаралық қаржы институттарын үйлестіру;
- Ұлттық банкпен өзара іс-қимыл;
- «Amanat» партиясының Сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру;
- бизнестің проблемалық мәселелерін шешу, атап айтқанда, әкімшілік кедергілерді азайту;
- экономиканы демонополизациялау;
- орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясат;
- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және оның портфельдік компанияларының жұмысын реформалау;
- шетелге заңсыз шығарылған қаражат пен сатып алынған активтерді қайтару;
- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының қызметі.