Ерұлан Жамаубаев Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі болып қайта тағайындалды

2364
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/photo_5283005311512332387_y.jpg
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. Ерұлан Жамаубаев өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерге жауапты: - қаржы секторы; - макроэкономикалық саясат; - бюджет, салық және кеден саясаты; - мемлекеттік жоспарлау жүйелері; - тариф саясаты; - шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту; - мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту; - инвестициялық саясат; - табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау; - статистика; - жобалық басқаруды дамыту; - халықаралық қаржы институттарын үйлестіру; - Ұлттық банкпен өзара іс-қимыл; - «Amanat» партиясының Сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру; - бизнестің проблемалық мәселелерін шешу, атап айтқанда, әкімшілік кедергілерді азайту; - экономиканы демонополизациялау; - орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясат; - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және оның портфельдік компанияларының жұмысын реформалау; - шетелге заңсыз шығарылған қаражат пен сатып алынған активтерді қайтару; - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының қызметі.
Comments