Финляндия жақын арада НАТО-ға мүше болмақ. Бұл туралы НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Финляндияның алдағы күндері ресми түрде Солтүстік Атлантикалық альянстың бір бөлігі болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
31 наурыз күні түрік парламенті Финляндияның НАТО-ға қосылуын мақұлдады, осыған байланысты Столтенберг НАТО-ға мүше 30 елдің барлығы қосылу хаттамасын ратификациялады деп мәлімдеді.
«Финляндия таяу күндері біздің одаққа ресми түрде қосылады», - деп қосты ол.
Сондай-ақ, НАТО Бас хатшысы штаб-пәтерінде Финляндия туын көтеруді асыға күтетінін айтты.
«Біз бірге күштірек боламыз және қауіпсіздігіміз арта түседі» деп жазды Столтенберг әлеуметтік желілерде.