Лукашенко "алаяқ" батысты уранмен қорқытып, басы аман тұрғанда бітімге шақырды

3064
Adyrna.kz Telegram

Лукашенко өз жолдауында  Украинадағы қақтығысқа қатысты арнайы пікір білдірді. Ол батысқа қарата сөз сөйлеп, "жанының барында" бітімге келуге шақырды. Егер батыс тағы алдап-сулап, мұндай тамаша мүмкіндікті уысынан шығарып алатын болса, оларды "байытылған уранмен" төпелейтінін хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.  

Александр Лукашенко өз халқына жолдауында тұтас батысқа қарата хабарландыру айтып,  Украинадағы қақтығыста өзара бітімге келуді ұсынды. Оның сөзінше, батыс бұлғақтаусыз, бұра тартпадан, нақты талаптар төңірегінде бітімге келуі тиіс.

- Қарқынды соққымыз басталмай тұрғанда, яғни тап қазір барлығын доғарған дұрыс. Әскери қақтығысты тоқтатуға қатысты ұсынысымды айтуға оқталып отырмын. Әскерді жылжыту мен қару-жарақ, техниканы тасымалдауды тоқтатып,  бітімге келу керек. Егер мұны батыс тағы айлаға бұрып, алдап-cулау үшін қолданса, Ресей өз әскерінің бар қарқынын батысты жапырып өтуге жұмсайды. Байытылған уран мен ширатылған уранның күшіне жүгінеді. Әскери адамдар менің не айтпақ болғанымды жақсы түсінуі тиіс, - деп жөңкілді Лукашенко.

Орайы келгенде айта кетейік, жоғарғы дәрежеде байытылған уран ядролық қару дайындауға қолданылады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер