Елімізде 145 адамнан қызылша ауруы табылды

2756
Adyrna.kz Telegram

Елімізде 145 адамнан қызылша ауруы табылды. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2023 жылғы 27 наурыздағы жағдай бойынша республика бойынша қызылшаға күдікпен 145 жағдай тіркелді, оның ішінде 75-і зертханада расталды (14 жасқа дейінгі балалар арасында – 68, ересектер арасында – 7 жағдай). 69%-да вакцинацияланбаған балалар ауырып қалды»,—делінген хабарламада.

Қызылша – бұл жоғары температура, интоксикация, жөтел, мұрыннан су ағу, конъюнктивит және бөртпе түрінде көрінетін жіті вирустық ауру. Вирус ауа арқылы әрі ұзақ қашықтыққа да оңай тарайды.

Пікірлер