Полиция Теміртауда 2 жасар баланы өлтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бүлдіршіннің мәйіті 23 наурызда қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын.
Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 24 жастағы баланың анасымен бірге тұратын ер адам екені белгілі болды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.