20 наурыз Алматыда «BAQYLA» ҚҚ баспасөз жиынын өткізеді

2032
Adyrna.kz Telegram

Президент сайлауы қарсаңында қоғамдық бастама негізінде ел азаматтары құрған «BAQYLA» қоғамдық қозғалысы елімізде 2023 жылдың 19 наурызы күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі мен маслихаттар сайлауында елішілік тұрақтылық пен сайлау процедураларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету үшін сайлау учаскелерін қамтитын өңірлік штабтарда бақылаушылық жасады.

Аумақтық бақылаушылар желісі жұмысы Алматы қаласындағы Орталық штаб пен еліміздің 17 қаласында орналасқан өңірлік штабтар арқылы жүргізілді.

Қоғамдық қозғалыс 2022 жылғы кезектен тыс президент сайлауында 27 қалада дауыс беру барысын қадағалау жұмысын сәтті атқарған болатын.

Ал биылғы ҚР Парламенті Мәжілісі мен маслихаттар сайлауында «BAQYLA» қоғамдық қозғалысы сайлау процесін бақылауға араласып, республика бойынша 25 қала мен елді-мекенді қамти алды. Сонымен қатар, 5 мыңнан астам бақылаушыны оқытты.

Сайлау күні елдегі барлық сайлау учаскесінің 3 мыңын, яғни 30 пайызын қамти алдық деп айта аламыз.

Осыған байланысты 2023 жылдың 20 наурызы күні Алматы қаласында «BAQYLA» ҚҚ бастамашылары арнайы баспасөз жиынын өткізеді.

Өтетін орны: Қазақстан баспасөз клубы

Мекен-жайы: Мкр Самал 2, 58 үй, БЦ Сәтті, Назарбаев көшесі жақтан 1-подьезд, 2 қабат.

Уақыты: 20.03.2023 жыл. Сағ. 10:00

Спикерлер:

Мақсат Жақау, саясаттанушы,

Асхат Қасенғали, саясаттанушы,

Эдуард Полетаев, саясаттанушы,

Сәбит Рыспаев, саясаткер, блогер,

Әсет Базарбай, Алматы қалалық штабының жетекшісі.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер