"Ұлтқа қызмет ету - отбасыдағы тәрбиеден" - Қоғам белсендісі Арман Шораев отбасылық суреттерін бөлісіп, ел ықыласына бөленді

2746
Adyrna.kz Telegram

Қоғам белсендісі, ұлттық санасы мығым азамат, журналист Арман Шораев жеке мұрағатына үңіліп, отбасылық суреттерін оқырманға паш етті. Ұлты сүю мен халқына қызмет ету мәселесіне қатысты маңызды әңгіме өрбітіп, ұлттық сананың негізгі бастау-бұлағына бас бұрды, деп хабарлайды "Адырна"  ұлттық порталы. 

Қоғам белсендісі Арман Шораев жеке мұрағатындағы суреттерді жарыққа шығарып, қазақылықтың қанына сіңісті тәрбиемен ертеден көктегенін айтты. Идеологиялық шырмауы көп Кеңес одағының кезінде ұлттық киім құдіретімен шаңырақ көтеріп, отбасын құрған азаматқа ақ тілегін жаудырып жатқандар көп.

Қоғам белсендісінің айтуынша, мұның бәрі  ата-анасының арқасы. Ата-анасы солтүстік қазақ жерінде ғұмыр кешкеніне қарамастан салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды ерекше қадір тұтып, балаларын қазақы тәрбиемен өсірген:

- Қанына тартпағанның қары сынсын…

Қазақылықты тіліме ғана емес қаныма сіңіріп өсірген ата-анама мың рахмет! Қылышынан қан тамбаса да, қайраты қайтпаған Кеңес үкіметі кезінде ошағымның иесімен осындай қазақы стильде шаңырақ көтергенбіз.

Оңтүстік аймақта бұл мақтанып көрсететін дүние емес шығар, сол заманда біздің солтүстікте Светалар Сәуле екенін, Жориктер Жұманбай екенін ұмытып кеткен кез еді…

Десе де бәрі отбасындағы тәрбиеден бастау алады. Замира ханым, модный көйлектердің ортасында жүріп, қиыннан қиыстырып табылған қазақы сәукеле киіп серігім болғаныңа рахмет!

Ұлтқа қызмет ету мінезден және отбасындағы тәрбиеден! Мен еліктеп немесе ерігіп жүріп ұлтжанды болған адам емеспін, ол менің қаным мен тәрбиемдегі бар дүние! - деді Шораев.
"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер