Бүгін "Тауар сатылымға делдалсыз шығуы керек" митингісі өтті

12140
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Алматы қаласында «Ауыл» партиясының  «Тауар сатылымға делдалсыз шығуы керек» митингі өтті. Митингке партиядан Мәжіліс және жергілікті мәслихатқа үміткерлер, партия белсенділері және фермерлер қатысты.

«Сарыарқа» кинотеатрының артындағы алаңда өткен митингке ауыл шаруашылығы мен делдалсыз сауданы қолдау мақсатында 100-ден астам адам плакаттармен жиналды.

Митингке қатысушылар мен қала тұрғындарының алдында сөз сөйлеген «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Анас Баққожаев өз өнімдерін сату барысында фермерлерге кездесетін қиындықтар туралы сөз қозғады.

«Қазір қарапайым адамның, фермердің, тракторшының, ауыл жұмысшысының еңбегі құнсызданып кеткен. Ауыл адамдарының өнімдері 20 миллион халықты қамтып отыр. Әрбір фермер -40°С болсын, +40°C болсын, мал өсірудің, жеке үй шаруашылығымен айналысудың қаншалықты қиын екенін біледі. Сонда да оның етті сатушыларға делдалсыз сата алмайды. Қазір бәрі біз бүгінде нарықтық экономикада екенімізді айтады. Олай болса,  әр өндіруші өз өнімінің иесі болуы керек», - деп атап өтті кандидат.

Митингте сөз алған фермерлер мысал ретінде пияздың бағасын келтірді. Олардың айтуынша, 1 кг пияз өндірісінің өз бағасы 18 теңгені құрайды, фермер оны 30 теңгеге сатады, ол қаладағы сөрелерге жеткенде 300 теңге тұрады. Осының бәрі делдалдардың көптігінен болып отыр.

Партия төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында бұл мәселе ерекше маңызды орын алғанын айтты.

«Біз азық-түлік нарығынан артық делдалдарды заңнамалық негізде ығыстыру үшін бар күшімізді саламыз. Егістікте өсірілген және қайта өңдеу кәсіпорындарында өндірілген өнімдер тікелей сөрелерге түсуі керек. Фермерлерді ірі сауда орталықтарына мүмкіндігінше жақындату қажет. Біз Қазақстанның аграрлық болашағына сенеміз. Біз үшін ауыл әрқашан басымдыққа ие! Ауыл төрге шықсын!», - деп Жигули Дайрабаев өз сөзін қорытындылады.

Сондай-ақ, іс-шара аясында «Ауыл» партиясының өкілдері мен олардың жақтастары үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қала тұрғындарына «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының бағыттарын түсіндірді.

Іс-шара соңында митинге жиналғандар Қазақстанның әнұранын орындады. Жалпы, митинг қоғамның назарын ауыл шаруашылығы саласындағы проблемаларға аударды және оны халық оң қабылдады.

«Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі

8(7172) 543266 auyl_pressa@mail.ru

Тапсырыс беруші: «Ауыл» ХДПП;

«Ауыл» ХДПП сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Пікірлер