Геннадий Головкин әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты

5136
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

40 жастағы спортшы кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жектің промоутерлік саудасына қатысуға келіспеді. Осылайша ол белбеуді бос қалдырды.

«Енді Геннадий Головкин WBA чемпиондық комитеті бекіткен міндетті айқасқа қатыспайды. Біздің нұсқамыз бойынша орта салмақта бір ғана чемпион бар, ол – кубалық Эрисланди Лара», - деді Дүниежүзілік бокс қауымдастығы.

Пікірлер