Қазақстан Ресейге қарсы санкциялардан келген шығын үшін өтемақы алады – Блинкен

2552
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуінде елге Ресей Федерациясына қарсы санкциялардан келген шығын өтелетінін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

«Барлық мемлекет Ресей Федерациясымен сауда байланыстарына тәуелді, сондықтан бұл елге қарсы санкциялар олардың экономикасына әсер етеді. Сол себепті біз осы оқиғадан зардап шеккендерге қол ұшын созу үшін қосымша 25 миллион доллар бөліп жатырмыз»,—деді ол.

Айта кетейік, Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 2 миллиард долларға өсті.

Пікірлер