Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

2828
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 наурызда № 13355 болып тіркелді.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз!

"Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 17) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 21.09.2022 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
  2. "Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 405 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12676 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2017 жылы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 4-тармағы 2) тармақшасын және 6-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасы

 

Мәдениет және спорт министрі

А. Мұхамедиұлы
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 51 бұйрығына
қосымша

 Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 21.09.2022 № 402 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 17) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорын қалыптастыру тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:

1) үкіметтік емес ұйым – ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда);

2) Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры (бұдан әрі – Дерекқор) – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.

 2-тарау. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну тәртібі

  1. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері жөніндегі мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын 31 наурызға дейін электрондық түрде (infonpo.gov.kz) веб-портал арқылы ұсынады.

Үкіметтік емес ұйымдар есепті кезең үшін ақпаратты көрсете отырып ағымдағы жылдағы іске асырылатын жобалар жөніндегі ақпараты бар өз қызметтері туралы мәліметтерін ұсынады.

Есепті кезең Дерекқорға мәліметтер ұсыну жылының алдындағы күнтізбелік жылы деп түсіндіріледі.

Осы Қағидаларға 1-қосымшадағы кестелер осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

Есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кейін ұсынылған мәліметтер уақтылы емес болып табылады.

  1. Уәкілетті органға ұсынылатын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер, заңды тұлғаға берілген электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
  2. Осы Қағидаларда 1-қосымшаның 1-кестесінің I, II және VII бөлімдерінде көзделген үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, үкіметтік емес ұйымдар өзгертілген мәліметтерді уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры" веб-порталы арқылы электрондық түрде осындай өзгерістер пайда болған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде уәкілетті органға ұсынады.
  3. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабына сәйкес есепті кезең басталғанға дейін салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған және есепті кезең ішінде қызметін қайта бастамаған, сондай-ақ есепті кезеңнен кейін тіркелген үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына бермейді.

 3-тарау. Үкіметтік емес ұйымдар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі

  1. Уәкілетті органдар үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыруды үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
  2. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді алған кезде, олардың уақтылығын, толықтығын және анықтылығын қарайды.

Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді, осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылған жағдайда уақтылы болып саналады.

Осы Қағиданың көрсетілген 1-қосымшасына сәйкес мәліметті толық ұсыну, бұл барлық кестені толтыру болып табылады.

Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді толық ұсыну уәкілетті органға жолдау күннің шындығына сәйкес келген жағдайда, анық болып саналады. Грамматикалық қателер үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтерді анық емес деп тану үшін негіздеме болып саналмайды.

  1. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтердің келіп түскен кезден бастап қарай 10 (он) жұмыс күн ішінде Дерекқорды жаңартады.

Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы ұсынған мәліметтердің сәйкессіздігі анықталған сәттен бастап уәкілетті орган оларды дереу пысықтауға жібереді. Үкіметтік емес ұйымдар уәкілетті органмен пысықтауға жіберілген өз мәліметтерін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде пысықтайды және ҮЕҰ Дерекқорына қайта жібереді.

  1. Үкіметтік емес ұйымдарды Дерекқордан алып тастауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімінен үкіметтік емес ұйымдарды алып тастау туралы ақпаратты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
  2. Дерекқорға ұсынатын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын 10 сәуірге дейін аумақтық әділет органдарынан және мемлекеттік кірістер органдарынан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен үкіметтік емес ұйымдар туралы (тіркеу/қайта тіркеу күні, мекенжайы, құрылтайшылары, басшылары және олардың байланыс деректері, соңғы есепті мерзімге салықтық есеп беру күні) қорытынды мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады.
  Үкіметтік емес ұйымдар өз
қызметтері туралы мәліметтерді
ұсыну және олар туралы
Дерекқорды қалыптастыру
қағидаларына
1-қосымша

 Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі жөніндегі мәліметтер  20___жылғы есепті кезең

Ұсынылады: Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға

Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: infonpo.gov.kz веб-портал арқылы ұсынады.

Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтер

Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): ҮЕҰҚМ-1

Кезеңділік: Жыл сайын

Есепті кезең: Күнтізбелік жыл

Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Үкіметтік емес ұйымдар

Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: Есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде

1-кесте

 Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтер*

I бөлім. Үкіметтік емес ұйымдар туралы жалпы деректер*
1 БСН:  

 

(12 цифр)
2 Мәліметті ұсыну бойынша есепті кезең:  

 

жыл
3 ҮЕҰ ұйымдастыру-құқықтық нысаны (тиісті ұяшықты Х көрсетіңіз)
жеке мекеме:

волонтерлік ұйымы

қайырымдылық ұйымы

басқа

 

 

жеке қор:

волонтерлік ұйымы

қайырымдылық ұйымы

басқа

 

 

 қоғамдық бірлестік  

 

корпоративтік қор  

 

 Комерциялықемес акционерлік қоғам

("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңның 41-бабы 5-тармағының екінші бөлімінде көзделген коммерциялық емес акционерлік қоғамды қоспағанда)

 

 

қоғамдық қор:

волонтерлік ұйымы

қайырымдылық ұйымы

басқа

 

 

Шетелдік және халықарарлық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (оқшауланған бөлімшелер)  

 

қауымдастық (одақ) нысанындағы ЗТБ  

 

4 ҮЕҰ атауы:  

 

5 Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты:  

 

6 ҮЕҰ заңды мекенжайы (елді мекен, мекенжай)  

 

7 Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні:  

 

8 Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні:  

 

II бөлім. Үкіметтік емес ұйымдардың байланыс деректері
9 Электронды пошта  

 

10 Телефон нөмірі (аймақ коды)  

 

III бөлім. Жұмыскерлер мен волонтерлер туралы мәліметтер
11 Штаттық жұмыскерлердің саны  

 

12  Қазақстан Республикасы азаматтары жұмыскерлерінің саны  

 

13 Шетелдік жұмыскерлер саны  

 

14 Волонтерлер саны

18 жастан 29 жасқа дейін

30 жастан 62 жасқа дейін

63 жастан және одан жоғары

Бағыты:

медицинадағы волонтерлік

экологиялық волонтерлік

әлеуметтік волонтерлік

медиа волонтерлік

төтенше жағдайлардың салдарын жою

адамдарды іздеу

басқа

 

 

IV бөлім. Қызметтің саласы
15 Үкіметтік емес ұйымдардың қызмет саласы (керек торды Х көрсетіңіз):
 

 

білім және ғылым  

 

 ақпарат  

 

дене шынықтыру және спорт  

 

 азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау  

 

қоршаған ортаны қорғау  

 

жастар саясатын және балалар мүддесін қолдау  

 

отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу  

 

халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау  

 

жетім балаларға, толық емес отбасы және көпбалалы жанұяларға көмек  

 

халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу  

 

азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау  

 

мәдениетті және өнерді дамыту  

 

тарихи-мәдени мұраны қорғау  

 

қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту  

 

есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу  

 

мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу  

 

азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу  

 

волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау  

 

өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету  

 

Жануарларға жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу, соның ішінде жануарларға арналған баспаналарды қолдау  

 

Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар (көрсету) ___________________________________________  

 

V бөлім. ҮЕҰ есепті кезеңдегі кірістер (сомасы, теңге)
16 Депозит бойынша сыйақылар  

 

17 Гранттар  

 

18 Кіру жарналары  

 

19 Мүшелік жарналар  

 

20 Қайырымдылық көмек  

 

21 Демеушілік көмек  

 

22 Өтеусіз негізде алынған ақша және басқа мүлік  

 

23 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, оның ішінде стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асыруда шарт бойынша алынған кіріс  

 

24 Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де кірістер  

 

25 Барлық кірістер  

 

VI бөлім. Есепті кезеңде ҮЕҰ-дың шығыстары, (сомасы, теңге)
26  Коммерциялық емес ұйымдарды ұстау  

 

27 Іс шараларды ұйымдастыру мен өткізу  

 

28 Ақпараттық материалдарды даярлау және орналастыру  

 

29 Сыйақы  

 

30 Қайырымдылық көмек  

 

31 Демеушілік көмек  

 

32 Кіру жарналары  

 

33 Мүшелік жарналар  

 

34 Өтеусіз негізде берілген ақша және басқа мүлік  

 

35 Өзге шығыстар  

 

36 Барлық шығыстар  

 

VII бөлім. Бюджет (сомасы, теңге) (шетелдік және халықаралық ұйымдар немесе филиалдармен толтырады)
37 Қазақстан Республикасында жобаларды/ бағдарламаларды қаржыландыру бюджеті (егер жобаны және/ немесе бағдарламаны филиал немесе өкілдік Қазақстан Республикасының аумағында қаржыландырса) есепті кезеңде
 

 

Ескерту:

*егер деректер мүлде болмаса, "жоқ" деп немесе сызықша қойылып белгіленеді.

Қолданылған қысқартылған сөздер:

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым

ЗТБ – заңды тұлға бірлестігі

2-кесте

 Үкіметтік емес ұйымдардың филиалы (-дары) және өкілдігі (-тері)*

Атауы БСН Орналасқан жері Басшының АТӘ (болған жағдайда) Тіркелген күні
1 2 3 4 5 6
1  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту:

*егер деректер мүлде болмаса, "жоқ" деп немесе сызықша қойылып белгіленеді.

Қолданылған қысқартылған сөздер:

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

АТӘ – аты, тегі, әкесінің аты

3-кесте

 Үкіметтік емес ұйымдардың, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) есепті кезеңде іске асырылған жобалары*

Жобаның/ бағдарламаның атауы Донор ұйымының, тапсырыс берушінің жобаның/ бағдарламаның БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін) Донор ұйымының, тапсырыс берушінің атауы Қар жыландыру көзі (мемлекеттік, шетелдік, коммерциялық, шетелдік коммерциялық емес, қазақстандық коммерциялық, қазақстандық коммерциялық емес, өзін-өзі қаржыландыру) Жобаның саласы (1-кестенің 15-тармағын таңдаңыз) Жоба/ бағдарламалар мақсаты Жобаны іске асырған/ іске асырылатын өңір немесе өңірлер (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана) Жалпы қаржыландыру жобасы (теңге) Есепті кезеңде жобаны қаржыландыруға алынған (теңге) Жобаның орындалуы туралы қысқаша ақпарат
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту:

*егер деректер мүлде болмаса, "жоқ" деп немесе сызықша қойылып белгіленеді.

Қолданылған қысқартылған сөздер:

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

4-кесте

 Үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) есепті кезеңде іске асырылған жобалары*

Филиалдар атауы және (немесе) (өкілдіктер) Жобаның/ бағдарламаның атауы Донор ұйымының тапсырыс берушінің жобаның/ бағдарламаның БСН салық тіркеу нөмірі (шетелдік заңды тұлға үшін) Донор ұйымының, тапсырыс берушінің атауы Қаржыландыру көзі (мемлекеттік, шетелдік, коммерциялық, коммерциялық емес шетелдік, коммерциялық қазақстандық, коммерциялық емес қазақстандық, өзін-өзі қаржыландыру) Жобаның саласы ("Қызмет саласы", бөлімінен 1-кесте 15-тармағынан негізгі сауалнаманы таңдаңыз)) Жобаны іске асырған/іске асырылатын өңір (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана) Жобаны жалпы қаржыландыру (теңге) Есепті кезеңде жобаны қаржыландыруға алынған (теңге) Жобаның орындалуы туралы қысқаша ақпарат
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту:

* егер деректер мүлде болмаса, "жоқ" деп немесе сызықша қойылып белгіленеді.

Қолданылған қысқартылған сөздер:

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

5-кесте

 Үкіметтік емес ұйымдардың құрылтайшылары* (қатысушылары) туралы мәліметтері*

Ұйым атауы немесе АТӘ (болған жағдайда) БСН / ЖСН, салық тіркеу нөмірінің баламасы (шетелдік заңды тұлға үшін)
1 2 3
1  

 

 

 

Ескерту:

*қоғамдық бірлестіктер оны құруға қатысатын кемінде 10 бастамашы азаматтан және/немесе қоғамдық бірлестіктен деректерді көрсетеді.

Қолданылған қысқартылған сөздер:

АТӘ – аты, тегі, әкесінің аты

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

6-кесте

 Қайырымдылық немесе демеушілік көмек алған немесе берген ұйым/орган, мемлекеттер

Атауы Көмекті алған Ұйымның атауы (БСН (немесе шетелдік ұйымдар, органдар үшін балама)) Алынған қаражат Қаражатты қолдану мақсаты Көмек берген Ұйымның атауы (БСН (немесе шетелдік ұйымдар, органдар үшін балама)) Жіберілген қаражат Қаражатты қолдану мақсаты
1 2 3 4 5 6 7 8
1 Қайырымдылық көмек  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Демеушілік көмек  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Басқа да кірістер  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынған мәліметтердің толықтығы мен нақтылығын растаймын:

Басшы ______________________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы

Орындаушы _________________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы

Ескерту:

* егер деректер болмаса, "жоқ" деп немесе сызықша қойылып белгіленеді

Қолданылған қысқартылған сөздер:

ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

  Үкіметтік емес ұйымдар өз
қызметтері туралы мәліметтерді
ұсыну және олар туралы
Дерекқорды қалыптастыру
қағидаларына
2-қосымша

 Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

"Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі жөніндегі мәліметтері"

(ҮЕҰҚМ-1, жыл сайын)

Әкімшілік деректер нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар

Әдіснамалық түсіндірмелер

  1. Нысанды үкіметтік емес ұйымдардың басшысы (ол болмаған жағдайда оны алмастырушы адам) толтырады және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңнен кейін келесі жылғы 31 наурызға дейін ұсынылады.
  2. "Үкіметтік емес ұйымдардың қызметтері туралы мәліметтер" нысанының 1-кестесіндегі "Үкіметтік емес ұйымдар туралы жалпы деректер" бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) 1-тармақта ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

2) 2-тармақта "Мәлімет ұсынатын есепті кезең және жыл" мәліметті ұсыну жылы көрсетіледі;

3) 3-тармақта "Үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастыру-құқықтық нысаны" көрсетіледі;

4) 4-тармақта құрылтайшылар құжаттарына сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың толық атауы көрсетіледі;

5) 5-тармақта "Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты" көрсетіледі;

6) 6-тармақта "ҮЕҰ заңды мекенжайы (елді мекен, мекенжай)" көрсетіледі;

7) 7-тармақта "Мемлекеттік тіркеу күні" көрсетіледі.

8) 8-тармақта "Мемлекеттік қайтадан тіркеу күні көрсетіледі.

  1. "Үкіметтік емес ұйымның байланыс деректері" II бөлімі мынадай мәліметтерімен көрсетіледі:

1) 9-тармақта "Электрондық пошта" көрсетіледі;

2) 10-тармақта "Телефон нөмірі" көрсетіледі;

  1. "Қызметкерлер мен еріктілер туралы мәліметтер" III бөлімі мынадай мәліметтерімен көрсетіледі:

1) 11-тармақта "Штаттық қызметкерлердің саны" көрсетіледі;

2) 12-тармақта "Қазақстан Республикасы азаматтар қызметкерлерінің саны" көрсетіледі;

3) 13-тармақта "Шетелдік қызметкерлер саны" көрсетіледі;

4) 14-тармақта "Еріктілер саны".

  1. "Қызметтің саласы" IV бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

1) 15-тармақта "Үкіметтік емес ұйымның қызмет саласы (Х керек ұяшықты көрсетіңіз)" көрсетілген тізімнің ішінде үкіметтік емес ұйымның қызмет саласы көрсетіледі;

  1. "ҮЕҰ есепті кезеңдегі кірістер туралы (сомасы, теңге)" V бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

1) 16-тармақта "Депозиттер бойынша сыйақы" көрсетіледі;

2) 17-тармақта "Гранттар" көрсетіледі;

3) 18-тармақта "Мүшелік жарналар" көрсетіледі;

4) 19-тармақта "Қайырымдылық көмек" көрсетіледі;

5) 20-тармақта "Демеушілік көмек" көрсетіледі;

6) 21-тармақта "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, оның ішінде стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асыруда шарт бойынша алынған кіріс" көрсетіледі;

7) 22-тармақта Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де кірістер көрсетіледі;

8) 23-тармақта "Барлық кірістер" көрсетіледі.

  1. "Есепті кезеңде ҮЕҰ-дың шығыстары (сомасы, теңге)" VI бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

1) 24-тармақта "Коммерциялық емес ұйымдарды ұстау" көрсетіледі;

2) 25-тармақта "Іс шараларды ұйымдастыру мен өткізу" көрсетіледі;

3) 26-тармақта "Сыйақы" көрсетіледі;

4) 27-тармақта "Қайырымдылық көмек" көрсетіледі;

5) 29-тармақта "Өзге шығыстар" барлық шығыстар сомасы көрсетіледі;

6) 30-тармақта "Барлық шығыстар" барлық шығыстар сомасы көрсетіледі.

  1. "Бюджет" VII бөлімін филиалдар немесе халықаралық және шетелдік ұйымдардың өкілдіктері мынадай түрде көрсетіледі (сомасы теңгемен көрсетіледі):

1) 31-тармақта "Қазақстан Республикасында жобаларды/бағдарламаларды қаржыландыру бюджеті" (егер жобаны және/немесе бағдарлама филиал немесе өкілдік Қазақстан Республикасының аумағында қаржыландырса) көрсетіледі;

  1. "Үкіметтік емес ұйымдардың филиалы(-дары) және өкілдігі (-тері)" нысанның 2-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

2) 2-бағанда "Атауы" көрсетіледі;

3) 3-бағанда "БСН" көрсетіледі;

4) 4-бағанда "Орналасқан жері" көрсетіледі;

5) 5-бағанда "Басшының АТӘ (болған жағдайда)" көрсетіледі;

6) 6-бағанда "Тіркелген күні" көрсетіледі;

  1. "Үкіметтік емес ұйымдардың, филиалдардың және шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар өкілеттіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) есепті кезеңде іске асырған және ағымдағы жылы іске асыратын жобалары" нысанның 3-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

2) 2-бағанда "Жобаның/бағдарламаның атауы" көрсетіледі;

3) 3-бағанда "Донор ұйымының тапсырыс берушінің жобаның/ бағдарламаның БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)" көрсетіледі;

4) 4-бағанда "Донор ұйымының, тапсырыс берушінің атауы" көрсетіледі;

5) 5-бағанда "Қаржыландыру көзі (мемлекеттік, шетелдік, коммерциялық, коммерциялық емес шетелдік, коммерциялық қазақстандық, коммерциялық емес қазақстандық, өзін-өзі қаржыландыру)" көрсетіледі;

6) 6-бағанда "Жобаның саласы (1 кестенің 15 тармағын таңдаңыз)" көрсетіледі;

7) 7-бағанда "Жоба/бағдарлама мақсаты" көрсетіледі;

8) 8-бағанда "Жобаны іске асырған өңір (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана)" көрсетіледі;

9) 9-бағанда "Жалпы қаржыландыру жобасы (теңге)" көрсетіледі;

10) 10-бағанда "Есепті кезеңде алынған жобаға қаржыландыру (теңге)" көрсетіледі;

11) 11-бағанда "Жобаны орындау туралы қысқаша ақпарат" көрсетіледі.

  1. "Филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің (оқшауланған бөлімшелерінің есепті мерзімде іске асырылған және ағымдағы жылы іске асырылатын жобалары" нысанның 4-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

2) 2-бағанда "Филиалдар және (немесе) (өкілдіктер) атауы" көрсетіледі;

3) 3-бағанда "Жобаның/бағдарламаның атауы" көрсетіледі;

4) 4-бағанда "Донор ұйымының тапсырыс берушінің жобаның/ бағдарламаның БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)" көрсетіледі;

5) 5-бағанда "Донор ұйымының, тапсырыс берушінің атауы" көрсетіледі;

6) 6-бағанда "Қаржыландыру көзі (мемлекеттік, шетелдік, коммерциялық, коммерциялық емес шетелдік, коммерциялық қазақстандық, коммерциялық емес қазақстандық, өзін-өзі қаржыландыру)" көрсетіледі;

7) 7-бағанда "Жобаның саласы (1-кестедегі 15 тармақта қызметтер саласы бөлімін таңдаңыз)" көрсетіледі;

8) 8-бағанда "Жобаны іске асырған өңір (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана)" көрсетіледі;

9) 9-бағанда "Жалпы қаржыландыруы жобасы (теңге)" көрсетіледі;

10) 10-бағанда "Есепті кезеңде жобаға алынған қаржыландыру (теңге)" көрсетіледі;

11) 11-бағанда "Жобаны орындау туралы қысқаша ақпарат" көрсетіледі.

  1. Үкіметтік емес ұйымдарды құрған "Құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтер" нысанның 5-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

2) 2-бағанда "Ұйым атауы немесе АТӘ (болған жағдайда)" көрсетіледі;

3) 3-бағанда "ЖСН/БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)" көрсетіледі.

  1. "Қайырымдылық немесе демеушілік көмек алған немесе берген ұйым/орган, мемлекеттер" нысанның 6-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

2) 2-бағанда "Атауы" көрсетіледі;

3) 3-бағанда "Көмекті алған Ұйымның атауы (БСН (немесе шетелдік ұйымдар, органдар үшін балама))" көрсетіледі;

4) 4-бағанда "Алынған қаражат" көрсетіледі;

5) 5-бағанда "Қаражатты қолдану мақсаты" көрсетіледі;

6) 6-бағанда "Көмек берген Ұйымның атауы (БСН (немесе шетелдік ұйымдар, органдар үшін балама))" көрсетіледі;

7) 7-бағанда "Жіберілген қаражат" көрсетіледі;

8) 8-бағанда "Қаражатты қолдану мақсаты" көрсетіледі.

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Пікірлер