Қазақстандық құтқарушылар үйінділердің астынан 3 тірі адамды шығарды (ВИДЕО)

3197
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан құтқарушылар үйінділердің астынан үш тірі адамды шығарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ведомство екінші эшелон Түркияға келген сәттен бастап тәулік бойы құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті. Оларға іздеу орны Газиантеп қаласынан 69 шақырым жерде орналасқан Нурдагы қаласындағы толығымен қираған ғимарат бекітілген.

Бұл нысанда қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстарын жүргізді.

«Мамандар үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстарын орындап, жедел және сауатты іс - қимылдың, сондай - ақ зардап шеккендерді блоктан шығару бойынша уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгін түнде көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш тірі адамды - ер адам мен екі әйелді шығаруға мүмкіндік туды. Адамдар дереу медициналық қызметтеріне жеткізілді»,—деді Төтенше жағдайлар министрлігі.

 

<

Пікірлер