"Адамдар жанталасып жатыр" - Су алған ауылдың тұрғындары хат жолдады

2344
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысының оңтүстігін алып жатқан Тұрар Рысқұлов ауданынынң бірқатар ауылдарын су басты. Тұрғындар табалдырыққа кіріп, толарсақтан асқан суға бөгесін қойып, жанталасып жатыр. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы жазды. 

Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғындары толарсақтан су кешті. "Жақсылық", "Құлан", "Көкдөнен" ауылдарын су басты. Су мөлшерінің артуына толассыз жауған жауын себеп болған.

Видеодан тұрғындардың:

- Мына жақта - масқара. Адамдар үйлеріне су кіргізбеу үшін жанталасып жатыр, - дегенін естуге болады.

Видеодан байқағандарыңыздай, қажетті техника күші тартылып, ауыл тұрғындарынан арнайы топ құрылғаны байқалады. "Адырна" ұлттық порталы бейнедеректерді жолдаған оқырманмен тілдесті. Оқырманның айтуынша, ауыл адамдары арасынан мобильді топ құрылып, қосымша арық-тоғандар тартылып жатыр. Видеодағы оқиға кеше, үшінші қаңтар, күні болған.

"Адырна" ұлттық порталы  

Пікірлер