“5,5 млрд тг қайда?”: Астаналық «Барыс» хоккей клубының кезекті былығы ашылды

3038
Adyrna.kz Telegram
Фото: www.hcbarys.kz
Фото: www.hcbarys.kz

Астаналық «Барыс» хоккей клубының кезекті былығы ашылды. Бұл туралы журналист Нартай Сәрсенғалиев спорт журналисті Аслан Қаженовтің сөзіне сілтеме беріп, Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“5,5 млрд тг қайда?! Астаналық «Барыс» хоккей клубының кезекті былығы ашылды. Күні кеше ресейлік порталдар Құрлықтық Лигада өнер көрсететін командалардың жалақы қаржысын жариялады. Оған сәйкес «Барыс» 380 млн рубль шығындайды. Ұлттық валютаға шаққанда 2,5 млрд теңгені құрайды. Ал, былтыр, біз дәл осы тақырыпты қазбалағанда, «Самұрық-Қазына» қоры елордалық клубқа 8 млрд теңге бөлгенін ресми түрде мәлімдеді. Қысқасы, ана жақта 2,5 теңге, мына жақта 8 млрд теңге деп жатыр. Сонда ортасындағы 5,5 млрд қайда?!

«Барыс» хоккейшілері Никита Михаилис пен Линден Вей жыл сайын 377 миллион теңгеден алып отыр. 377 млн. Әрқайсысы. Майкл Шапю, Энтони Луис, Джереми Бракко дегендердің жалақысы 200 миллион теңгеге жуықтайды. Кімдер олар?! Ал, клубтың ең нашар қорғаушысы Иван Мищенко 135 миллион теңге алады. Бұл – таза жалақы. Плюс тағы сыйақы деген бар. Оның барлығын «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры төлейді. Яғни, айналып келгенде сіз бен біздің қалтамызға түсіп жатқан салмақ...”, деп жазды ол.

Пікірлер