27 қаңтар күні 45 жасқа қараған шағында жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімованың кенеттен дүниеден озды. Алдын ала қойылған диагноз - анафилактикалық шок еді. Бұған қатысты нақты деректерді Астана қаласы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жариялады.
- "Сот-сараптамалық зерттеудің алдын-ала нәтижелері бойынша науқас өлімінің тікелей себебі - жедел миокард инфарктісі болып табылады. Анафилактикалық шок ықтималдылығы туралы күдік расталмады. Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына дер кезінде жеткенін атай кеткіміз келеді, бұл 5 минут уақытты алды. Бригада оқиға орнына жеткенде, өкінішке орай, науқас өмір белгілерін танытпады. Яғни, ес-түсін жоғалтқан, тамыр соғысы білінбеген, тынысы болмаған. Соған қарамастан, реанимациялық іс-шаралар өткізілді, бірақ одан нәтиже болмады. Марқұмның туғандары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз", - деп хабарлады Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Гүлмира Кәрімова қысқа ғұмырында ұстаздықты серік етті. Оның жарқын бейнесі әрдайым шәкірттерінің жадында сақталады.
"Адырна" ұлттық порталы