Қазақстанда қазақты ұлтсыздандыру саясатын жүргізіп отырған арнайы адамдар бар - Заитов (ВИДЕО)

18784
Adyrna.kz Telegram

"Біздің ұлттық өнер "өнер" емес пе? Кез-келген басқа тілдің, басқа мемлекеттің, басқа ұлттық жобалар жылдам өтеді. Қазақстанда қазақты ұлтсыздандыру, рухсыздандыру саясатын жүргізіп отырған арнайы адамдар бар ма деймін". Бұл пікірді белгілі айтыскер ақын Ринат Заитов "Адырна" ұлттық порталының YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.

"Менің дауым бар. Неге Астананың опера балет театрындағы әртістер 1-1,5 млн жарым айлық алады. Ал біздікілер 110-ақ мың теңге алады. Не? Сонда біздің ұлттық өнер "өнер" емес пе? екен. Біздің тарихымыз, тамырымыз осы домбыра мен қобыз еді ғой. Онда тең қылсын. Сонда бәріміз шулатпайық. Бірақ біз әділетсіздікті көзімізбен көріп тұрмыз ғой. Міндетті түрде алалау бар. Кез-келген басқа тілдің, басқа мемлекеттің, басқа ұлттық жобалар жылдам өтеді, қойылып жатқан ақшалары көп. Аллаға шүкір. Былтыр 2022 жылы тікелей біздің Алматы қаласының Мәдениет басқармасымен, әкімшілікпен отырып, келісіп, дәлелдеп "Аға, мынау керек" дегеннің нәтижесінде тарихта болмаған көп оқиғалар... Жекпе-жек айтыс жасадық,  тұңғыш рет дәстүрлі әншілерге жастар  арасында автокөлік қойып, бәйге жасадық. Оны тұрақтандырдық. Биыл да болады бұйырса. Осындай-осындай қадамдар жасалынады. Бірақ, сол өнерді ұстап отырған, сол өнерді ұлықтап отырған адамдардың бағасы қанша дегенмен менің түсінігімде ұлттық руханиятқа, ұлы мұрамызды сақтап отырған адамдар басқасынан бір табан жоғары тұруы керек  Ал бізде түсініксіз ән айтатын, әләукім-сәләукімдердің бәрі...", - деп ашынды айтыскер ақын.

 

Журналисттің "Біздің елімізде не себептен өзге елдің мәдениетін ұлықтау жоғары?" деген сұрағына Заитов былай жауап берді:

"Себебін білмеймін. Ал кім істеп отырғанын нақты білемін. Бұл таза жоғары жақтан берілетін тапсырмалар. Осы театрға келгелі бір күмән пайда бола бастады. Біздің Қазақстанда қазақты ұлтсыздандыру, рухсыздандыру саясатын жүргізіп отырған арнайы адамдар бар ма деймін. "Олардың домбыра, қобыздары, күйлері, әндері, айтыстары, жырлары ешқайда шығып кетпеуі керек деп ойлап отырған топтар бар" сияқты. Оны мен толыққанды айта аламын. Осы уақытқа келгенше... Өйткені, біз Алматыда өтетін бір "Гәкку фест" деген жын ойнақты премьер-министрдің орынбасары ол кезде Ералы Тоғжанов еді. Сол кісінің бетіне "Аға, мынау ұят! Мынаны істетпейік" дегенде, ол істей алмай қойса, демек бір топтар бар ғой. Оларды қолдап отырған. Дұрыс па?", - дейді Ринат Заитов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер