Қазақстан мен АҚШ энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады

2609
Adyrna.kz Telegram

24 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық серіктестік бойынша арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Вашингтонда ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесші Джейк Салливанмен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметіне мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Кездесуде Құрама штаттар мен Қазақстан БҰҰ Жарғысы қағидаларын, оның ішінде барлық мемлекеттің егемендігі мен аумағының тұтастығын қолдайтынын растады.

Одан бөлек, тараптар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті және энергетикалық қауіпсіздік сияқты негізгі екіжақты және өңірлік мәселелер бойынша ынтымақтастықты талқылады.

Сонымен қатар, бірлескен мәлімдемеде америкалықтар АҚШ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есептілігін жақсарту жөніндегі күш-жігерін қолдайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық және америкалық делегация өкілдері Адам құқықтары мен демократиялық реформа бойынша комиссияның екінші отырысын өткізеді.

Бірінші кездесу 2022 жылдың сәуірінде Астанада болған. Тараптар азаматтық қоғам, дін еркіндігі, сот жүйесін нығайту мен Қазақстанда саяси реформа жүргізу сынды ауқымды мәселелерді талқылаған болатын.

Пікірлер