"Қазақ елін фашистік Германияға теңеген Кривошеевті жазалау керек" - саясаткер Мұхтар Тайжан

3518
Adyrna.kz Telegram
Қоғам қайраткері, саясаткер Мұхтар Тайжан әлеуметтік желіде Қазақ елінің Ұлттық негіздегі Ұлы мемлекетке айналуына ашық қарсы пікір айтқан блогер, Қызылжардың тумасы Денис Кривошеевті жазалау мәселесін көтерді. Кривошеев бір сұхбатында қазақтың ұлттануын фашистік Германиямен теңестіріп, тұтас қазаққа  ақыл айтқан болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы М. Тайжанның парақшасына сілтеме көрсете отырып. 
Саясаткер Мұхтар Тайжан блогер Денис Кривошеевтің "әккі, түлкібұлаңға салған" тайқыма ұстанымын сынға алды. Д. Кривошеев бір сұхбатында қазақтың ұлттық бірегейлікке ұмтылып келе жатқанына қарсы екендігін танытады. Бұл жайлы саясаткер төмендегідей мәлімдеді:
"Мұндай жайттарға бей-жай қарауға болмайды. Кривошеев мына сұхбатта Қазақ елін жауыз, фашист Германияға теңеп отыр. Шынтуайтында, ол қазақтардың ұлттық негіздегі ұлы Қазақ еліне айналуын болдырмауды көздеген. Оның айтуынша қазақ жеріндегі, қазақ еліндегі барлық ұлт тең, құрама болуы тиіс екен-мыс. Мұндай хабарландырулар біздің 1990 жылғы ең басты егемендік декларациямыз және 1991 жылғы Тәуелсіздік туралы Заңымызға қарама-қайшы".
Тоқаев осындай тайқыма ұстанымы бар азаматтың кеудесіне орден тақты. Ол енді өзінің жеке шаруасы. Дегенмен Своик, Кривошеев, Әбілдиннің соңғы мәлімдемелері - жаңсақ. Олардың соңғы кездерде Қазақ елі жайындағы ресейлік саясаткерлердің айтқандарына айтақ қосып отырғаны сөзсіз", - деп кесіп айтты қоғам қайраткері.
Қызылжар тумасы Кривошеевтің мәлімдемесін оқып, ызаға булыққан топтың пікірі қарша борады. Олар:
"Ресей соңғы қазақ мектебін 2010 жылы жапқан. Ресейде 800 000 қазақ тұрады. Қазақ елінде 2,9 миллион орыс үшін 1500 орыс мектебі, 2500 аралас мектеп бар. Сонда кім нацист?";
"Мен мұның "Хабар" арнасында Қаңтар қырғынына қатысты айтқан пікірін жақсы білемін. Бұны ұлттық телевизия эфиріне шығармау керек";
"Бұлар Ресейдің, РФ арқайы қызметінің қазақ қоғамына жіберген жандайшаптары. Бұлардың мақсаты ел ішіне іріткі салу" деп жазды көпшілік.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер