"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Батыс Қазақстан облысындағы мектеп ғимаратын заманауи құрылғылармен жабдықтауды қамтамасыз етті. Мектеп ғимараты жаңаша құбылып, білім беруге қажетті инновациямен жабдықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қоғамдық қордың Қазақстан халқына денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау және спорт салаларында қайырымдылық көмек көрсетумен ерекшеленеді. Осы мақсатта "Қазақстан халқына" қоры мектеп ғимаратын заманауи жабдықтармен толтырып, білім мен ғылымға ұмтылған талапкер көңіліне қуаныш сыйлады.
Білім шаңырағындағы "ақылды тақта", химия-биология зертханасы, физика құралдары шәкірттердің дүниетанымын жетілдіруге, ілім жинауға деген құлшынысын арттырып, өнертапқыштыққа бастайтынына ұстаздар қауымының сенімі зор.
Спорт сыныптары да баланың физикалық тұрғыдан дамуына қажетті құралдармен жабдықталды. Игі істердің жарасымында жетілетін бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ.
"Адырна" ұлттық порталы