23-қаңтарда Астана қ. «QAZAQSTAN» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде тұңғыш рет Astana Meeting World indoor tour Silver халықаралық турнирі өтеді. Турнир аясында 22-қаңтар күні Астана қ., «QAZAQSTAN» спорт кешенінде БАҚ өкілдері үшін арнайы пресс-конференция жоспарланған.
Конференцияда жарыстың ерекшеліктері туралы айтылып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріледі. Спикерлер:
- Турнир директоры – Асхат Сейсембек;
- 400метрге жүгіруден Қазақстан Чемпионы, рекордсмен – Михаил Литвин;
- Қысқа қашықтыққа жүгіруден Азия Чемпионы, ұлттық құрама спортшысы – Ольга Сафронова;
- Ұлттық құрама спортшысы, кедергілермен 400м жүгіруден Қазақстан Чемпионы – Аделина Земс;
- Турнирге қатысушы жұлдыздардың бірі, Әлем Чемпионатының қысқа қашықтыққа жүгіруден бірнеше дүркін күміс жүлдегері – Майкл Роджерс;
- Кедергілермен жүгіруден Португалия Чемпионы – Жуа Витор Де Оливьера;
- Американдық спортшы – Шеннон Рэй.
Биыл алғаш рет өткізілетін байрақты бәсекеде Қазақстан, АҚШ, Португалия, Бразилия, Хорватия, Словения, Кения, Эфиопия, Ұлыбритания, Куба, Венгрия, Барбадос, Өзбекстаннан 100-ге жуық спортшы бақ сынайды.
Жарыс бағдарламасының әр түрінің жүлде қоры 4000 АҚШ долларын құрайды. Бағдарламаға жеңіл атлетикалық жарыстардың 10 түрі енгізілген.
ЕРЛЕР:
- 60м. жүгіру;
- кедергілермен 60м. жүгіру;
- 800м. жүгіру;
- 3000м. жүгіру;
- 400м. жүгіру.
ӘЙЕЛДЕР:
- 60м. жүгіру;
- 400м. жүгіру;
- 1500м. жүгіру;
- ұзындыққа секіру;
- биіктікке секіру.
Бұл жарыс отандық жеңіл атлетиканың халықаралық деңгейдегі беделін және спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады. Astana meeting еліміздің және Азия өңірінің жеңіл атлетикасындағы ең беделді жарыстардың біріне айналады.