Ауылды дамытуға бөлген 128 млрд теңге қаржыны әкімдіктер игере алмай отыр

2802
Adyrna.kz Telegram
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Әкімдіктер ауылды дамытуға бөлінген 128 млрд теңге қаржыны игере алмай отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты , деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

   «2022 жылы 577 ауылда бір мыңнан аса жобаны іске асыруға 128 млрд теңге бөлінген. Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс әкімдіктері бөлінген қаражаттың 94%-ын игерген»,- деп мәлімдеді Қуантыров сейсенбі күні үкімет отырысында.

Сондай-ақ,  7,7 млрд теңге қаржы игерілмей отыр.

Қаражаттың дұрыс игерілмеуі Ұлытау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысында тіркелді. Ол үшін 2019-2022 жылдары республикалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлініп, 3,7 мың жоба іске асырылды. Мысалы, 334 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектісі, 1,2 мың әлеуметтік инфрақұрылым объектісі, 2,2 мың көлік инфрақұрылымы объектісі жаңадан салуға және жөндеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде шамамен 30 мың жұмыс орны құрылды.

   Еске салсақ, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 6 293 ауыл бар, онда 7,8 млн-ға жуық қазақстандық тұрып жатыр. «Ауыл-ел бесігі» жобасын іске асыру үшін болашағы бар 3,5 мың ауыл іріктеліп алынды.

Пікірлер