Торғайда әкімшілік 600 000 теңге жұмсап, ағаш дәретхана орнатты

2274
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысы, Торғай ауылының әкімшілігі 600 000 теңге жұмсап, инновациялық ағаш дәретхана орнатты. Бұл туралы қоғам белсендісі Дидар Смағұлов хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Қазіргі таңда істің анық-қанығын зерттеу үшін ішкі мемлекеттік аудит комитетінен арнайы сарапшылар шақырылған. Мамандар алдағы уақытта тексеріс қорытындысын жарияламақ.

"Есепке жүйріктер үшін айтарым:

  1. Ағаш қабырғалар: 60 000 теңге
  2. Шатыр, әжетқұдық, құбыр: 40 000 теңге
    Шұңқыр қазу үшін арнайы алдырылған Архимед күректері: 500 000 теңге", - деп жазды қоғам белсендісі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер