"Депутаттық этиканы бұзды": Перуашев Әбілдаевтың мәлімдемесіне пікір білдірді

2464
Adyrna.kz Telegram

Депутат Азамат Әбілдаевтың "Мен Ресей президентін қолдаймын" деген мәлімдемесіне қатысты “Ақ жол” партиясы президиумы хабарлама жасады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашевтың хабарлауынша, депутат А.Әбілдаевтың мәселесі бүгін партияның Ұлттық Кеңесінде қаралады.

"А.Әбілдаевтың сөздері “Ақ жол” партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы да бұзып тұр. "Ақ жол” партиясы қашан да Республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды. Депутаттардың тәртіптік мәселесін қарастыру партияның Ұлттық кеңесінің құзыретіне кіретіндіктен, депутат А.Әбілдаевтың сөздеріне саяси баға беру және мәселесін қарау үшін ертең партияның Ұлттық Кеңесінің пленумы шақырылуда",- деп жазды Азат Перуашев кеше өзінің телеграм-арнасында. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер