Әбілқасымова жәрдемақыға тағы да "Ана даңқы" орденін алып, "Батыр ана" атанған әйелдер де ие бола алатынын айтты.
"Бүгінде елімізде бұл құрмет белгісіне ие 237 мың ана бар. Бұл - ай сайын беріліп отыратын арнайы аналар жәрдемақысы. Басты ерекшелігі - ол өмір бойына беріліп тұрады. Яғни, тіпті зейнеттік жасқа жетіп, не болмаса балалардың 18 жастан асып кетсе де ай сайын төлем жасалынып тұрады" , - деді Мадина Әбілқасымова.
Еңбек және әлеуметік қорғау министрінің мәлімдеуінше, 2018 жылы Қазақстанда 237 мың көпбалалы ана 42 млрд теңге көлеміндегі жәрдемақыны алды.
Р.S. Мемлекеттің беретін тиын-тебенін өз халқынан бұлдайтын министрлерге таң қаламын. Мектеп жасындағы бала түгілі, емшектегі балаға ай сайын қанша ақша кететінін министр ханым біле ма екен? Бюджеттен алған ақшадан 2-3 есе көп кетпесе аз кетпейді. Біздің министрлер мен депутаттардың көктен түскендей болатыны несі екен? Әлде, әдейі істей ме?
"Адырна" ұлттық порталы