Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларының жобасы - нашар көретін және зағип жандарға арналған көзілдірік Мысыр елін таң қалдырды.
Каирде өткен «Ai forum» жастар форумында бірегей жоба таныстырылды. Әлемнің 26 елінен келген ондаған командалар өнеркәсіптік революция, жасанды интеллект, блокчейн, өнер және экология саласындағы проектілерімен бөлісті.
Форум 10-14 қаңтар аралығында жалғасты. Әр тақырып бойынша дәрістер мен семинарлар өткізілді.
Мен жасанды интеллект секциясында жобамды ұсындым. Біздің жоба қазылар алқасы мен көрермендердің жақсы бағасын алды. Осы өнертабыспен біз былтырдан бері айналысып келеміз. Сондай-ақ осы форумда біз үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды, бұл шығармашылық бастаманы дамытуға көмектесетіні сөзсіз, — дейді жоба авторларының бірі, 12 сынып оқушысы Виктор Кахно.
Виктор Кахно, Максим Сурин, Мирхаят Дени ноу-хауы екінші жыл қатарынан Enactus World Cup студенттік кәсіпкерліктің финалисті атанды. Өткен жылы балаларға NARXOZ университетінің мемлекеттік грантының сертификаттары табыс етілді.
Еске салайық, нашар көретін және зағип жандарға арналған көзілдірік камераның көмегімен, арнайы сенсормен жұмыс істейді. Бұл камераның жұмыс істеуі үшін оқушылар арнайы бағдарлама кодын жазды. Осылайша, инфрақызыл толқындардың арқасында технология объектілерге, көліктің кез келген түріне, бағдаршамдарға, жол белгілеріне, велосипедшілер мен адамдарға дейінгі қашықтықты анықтай алады.
Жас әзірлеушілер автономды көзілдіріктердің көмегімен қала бойынша өз бетінше және қауіпсіз қозғалуға болады дейді, осылайша зағип адамдардың күнделікті өмірін айтарлықтай жеңілдетеді деген қорытындыға келді.