Жазушы Ұларбек Дәлейдің “Жошы хан” тарихи романы жарық көрді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Төрт жылға созылған ізденістің, бес ай бойы жазу үстелінде тапжылмай отырған табанды еңбектің нәтижесі — міне, алдарыңызда! «Фолиант» баспасынан «Жошы хан» тарихи романым жарық көрді. Қаһарлы Шыңғыс дәуірін, Жошы ұлысының құрылуы барысындағы қым-қиғаш оқиғалар мен қанды жорықтарды төгілте суреттеуге тырыстым. Жаңа ұрпаққа жаңа, шынайы тарих керек! Өзгелер сызып берген шеңберді қирататын шақ келді” деп жазды автор Ұларбек Дәлейұлы.
Кітап 20-сәуір күні 11:00-де, Астана қаласы, ЭКСПО маңындағы Конгрес орталығында өтетін кітап жәрмеңкесі аясында оқырманға жол тартады.