Ақмола облысы Красный Яр ауылында өзіне қол салғандар бөлек жерленеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Еуразия арнасына сілтеме жасап.
Ақмола облысы Красный Яр ауылының маңында тек өзіне қол салғандар жерленетін зират бар. Сырттай қарағанда басқа зираттардан еш айырмашылығы болмаса да, 2008 жылдан бастап бұл жерге өзіне қол салғандар жалпы мазардан бөлек жерленіп келеді. Қазір мұндағы молалар саны 15-ке жеткен. Имамдар жергілікті ақсақалдармен ақылдаса келе осындай шешімге келіпті.
“Бір әке-шеше өзінің ұл-қызы өздеріне қарсы шығып, өздеріне қол жұмсаймыз деп қорқытқан кезде осы жерді көрсетіпті, ұл-қызы қателіктерін түсініп кешірім сұрапты. Әке шешесі бізге кейін отбасымызға осындай үлкен тәрбие болды деп алғыстарын айтып жатты”, – дейді Красный Яр ауылы мешітінің бас имамы Науан Мұталов.
Бұл мәселе парламент қабырғасында да жиі көтеріледі. Бірнеше ай бұрын мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов Қазақстанда жыл сайын 4000 мыңға жуық адам суицид жасап бақилық болатынын мәлімдеген болатын.
“Еліміз суицид ең көп жасалатын 20 мемлекеттің ішіне кіреді. Қазақстанда күн сайын 8-11 адам өзіне қол жұмсап көз жұмады. Тәулігіне 9-дан 16-ға дейін кісі суицид жасауға талпынады. Бұл деген сұмдық адам шығыны”, – деді депутат Ерлан Смайлов.
Сонымен қатар, дін қызметкерлерінің айтуынша, суицид жасағандарды бөлек жерлеу өзгелерге ескерту іспетті.