Жолаушыға тамақ бермеген әуекомпанияға 612 мың теңге айыппұл салынды

3770
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде рейсі кейінге шегеріліп, әуежайда қалған жолаушыға тамақ бермеген «Qazaq AIR әуекомпаниясына айыппұл салынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға өткен жылы болған.  «Ақтөбе-Астана» бағытында ұшатын жолаушылардың бірі әуе компаниясынан тамақ пен сусын беруді сұраған, бірақ оның өтініші орындалмаған. Кейін ол қадағалаушы мемлекеттік мекемеге арыз жазған. Шағымды Ақтөбе қалалық әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарастырып, «Qazaq AIR»-ға 612 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді.

Сот әуекомпаниялар тәуліктің кез келген уақытында жолаушыларды қажетті қызмет түрлерімен толық қамтамасыз етуге дайын болуы керектігін атап өтті.

Пікірлер