Қорықшыны өлтірген расымен осылар ма?

2045
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысында "қорықшыларға шабуыл жасады" деген күдікті үш адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз хатшысы Алмас Садубаев хабарлады.

Садубаевтың мәлімдеуінше, Қарағанды облысының Нұра ауданында "Охотзоопром" республикалық мекемесінің инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне күдікті деп танылғандар 21 қаңтар күні Қызылордада "арнайы операция барысында жеке үйде ұсталған". Қазір күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалып, тергеліп жатыр.

Ішкі істер министрлігі 18 қаңтарда "Қарағанды облысында қорықшыларға шабуыл жасады" деген күдіктілердің суреті мен аты-жөндерін жариялаған. Олар - Б.М. Ахметов, Н.М. Шукилдиков, К.В. Акшанов.

17 қаңтарда Астанада журналистер сұрақтарына жауап берген ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов полиция күдіктілердің анықталғанын, олардың Қызылорда облысының тумалары екенін айтқан.

P.S. Бірақ, әлеуметтік желідегі пікірлердің көпшілігі ұсталғандардың қылмысқа қатысы барына сенбейтінін айтуда. Нағыз қылмыскерлер құтылып кетіп, оның орнына жоғары лауазымды "аңшылардың" шопырлары мен атқосшылары "кінәләрін" мойындап, қылмысты мойнына алуы мүмкін екенін жазуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер