Өзбекстанда табиғи газ тапшылығы орын алды

3282
Adyrna.kz Telegram
Фото: www.uzdaily.uz
Фото: www.uzdaily.uz

Өзбекстанда табиғи газ тапшылығы байқалуда. Бұл туралы Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының бас директоры Нұрлан Жұмағұлов Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бір кездері газға бай ел бүгінде түркіменстандық және ресейлік шикізатқа тәуелді болып отыр.

“Жыл өткен сайын өзбекстандық газды Қытайға экспорттау қысқарып келеді (Лукойл өндіретін Өзбекстандағы газды экспорттық баға бойынша сатып алуға мәжбүр). Өзбекстандағы көптеген газ жобасын Газпром бұрыннан бақылауда ұстап отыр. Ал мердігерлер ресейлік Enter Engineering арқылы жеткізеді. Мысалы, Өзбекстанның көмірсутектік шикізат өндіруді ұлғайту бойынша мемлекеттік бағдарламасының операторы 2017-2021 жылдары Газпром болса, қаржыландыру Газпромбанк арқылы жүзеге асты”, - деп жазды Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының бас директоры Нұрлан Жұмағұлов.

Оның айтуынша, өзбектер қазір газ-химия кешенін бақылауда да қауқарсыз.

“Өзбектер қазір Шуртан газ-химия кешеніне (Мирзиеёевтің өршіл жобасы) бақылау жүргізуден де айырылып қалудың алдында тұр. БМӨЗ, ФМӨЗ, Газли ГХМ, авиаотын мен Ташкент және Ташкент облысындағы ұшақтарға жанар-жағармай құюды жеткізуді бақылаудан айырылды. Шын мәнінде, газ саласы Газпромның қолына өтті деуге болады. Ал Лукойлдың үлесіне өнімді бөлу туралы келісімнің шарты бойынша Өзбекстанда өндірілетін бүкіл газдың ¼ бөлігі ғана тиесілі”, - деді одақ басшысы.

Пікірлер