Ресей Украина қалаларын атқылап, тұрғын үйді жарып жіберді

2565
Adyrna.kz Telegram

Ресей Киев, Одесса, Харьков және Украинаның басқа аймақтарына оқ жаудырып жатыр. Днепрде тұрғын үйді атқылады. Жараланғандар және қаза тапқандар бар, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Днепрде Ресей зымыраны көпқабатты үйдің үстіне түсті. Алдын ала деректер бойынша он адам жараланған. Олардың екеуі - балалар. 

- Зардап шеккендердің үшеуі ауыр жағдайда, олардың барлығы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады облыс басшысы Валентин Резниченко.

Президент Кеңсесі Басшысының орынбасары Кирилл Тимошенконың айтуынша, үйінділер арасынан 15 адам аршып алынған. Болжамдарға сенсек, қаза тапқан жандардың қатары көп болуы мүмкін.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер