"Қаладағы 200 дәріхананың біреуірде ғана бар" - Қызылжарда дәрі тапшылығы туындады

2988
Adyrna.kz Telegram
Қызылжар қаласының тұрғындары парацетамол препаратын сатып алуда қиындықтарға ұшырап отыр.  Аталған медиациналық өнімді қаладағы 200-ге тарта дәріхананың біреуінен ғана табуға болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қаладағы фармацевттердің сөзіне сенсек, қазіргі қолда бар аталмыш дәрінің қоры бірер аптаға ғана жетеді. Дегенман дәрі санының сиреуі оның қымбаттауына себеп болмаған дейді мамандар. Нарықтағы бағасы - 85 теңге.

- Бізге күніне, орта есеппен, 300-400 адам парацетамол іздеп келеді. Дәрі-дәрмек тапшылығы болатынын ердеден болжап, күзде көп мөлшерін алып қойған едік, - деді бұған қатысты маман Евгения Сенченко.

Ауа райының құбылуы да тұмау түрлерінің күш алып, дәрі-дәрмек жеткізілуінің жолын "бөгеген". Қазірдің өзінде Қызылжарда В санатындағы тұмауға шалдыққандар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 7 есе  артты. Олардың жалпы саны - 245 адам. Шошқа тұмауын жұқтырған 17, гонконг тұмауымен ауырған 4 науқас тіркелді.

Qazaqstan.tv арнасының хабарлауынша, қолайсыз ауа райына байланысты дәрі-дәрмектің кезекті партиясы Қызылжарға орталықтан дер кезінде жетпей қалған. Оның үстіне, тұмау өршеленіп, оны жұқтырғандар саны да артып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер