Оңтүстік Суданда президенттің зәр шығарып қойған сәтін түсірген журналистер ұсталды

3712
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Оңтүстік Суданда президент Салва Киирдің мемлекеттік әнұран ойналып жатқан кезде ресми іс-шарада зәр шығаруы түсірілген видеоға байланысты алты журналист ұсталды. Бұл туралы Ұлттық журналистер одағы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кадрда 71 жастағы президенттің жаңа жолдың ашылуында сөз сөйлеген кезде зәр шығарғанын көруге болады. Видео ешқашан теледидарда көрсетілмеген, бірақ әлеуметтік желілерде тараған.

Ұсталған журналистер – операторлар Джозеф Оливер мен Мұстафа Осман, бейне редакторы Виктор Ладо және бейне бөлімінің қызметкерлері Джейкоб Бенджамин, Чербек Рубен және Джовал Тумбе. Олар видеоны желіге таратып жіберді деген күдікке ілінді.

Айта кетейік, Киир 2011 жылы Оңтүстік Судан тәуелсіздік алғаннан бері президент қызметін атқарып келеді. Билік өкілдері оның жағдайы нашар деген қауесеттерді қайта-қайта жоққа шығарды.

Пікірлер