Батыс Қазақстан облысында полицейлер бүгін сағат 10:30 шамасында көліктен 4 жасөспірімнің денесін тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Көлік Зашаған кентінің «Сарытау» шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында тұрған.
“Одан 2006 жылы туған қыз бен 2 жігіт және 2004 жылы туған жігіт табылды. Өлімнің алдын ала себебі – көмірқышқыл газынан улану”, - делінген облыстық ПД ақпаратында.
Оқиға орнында медицина және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Жалпы, Оралда соңғы күндері ауа температурасы -26 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болып тұр. Оқыс оқиғаның себебі де осы күннің суықтығына байланысты болуы мүмкін.