Рухани жаңғырамыз деп, Абайды төмендетпейік

2422
Adyrna.kz Telegram

Өскемендегі Абай-Михаэлис көшесін әлеуметтік желі оқырмандары жақсы біледі. Кезінде осы жерге қос ақынның достығына ескерткіш орнатып, оның аяғы үлкен дауға ұласқан.  Қазнет қолданушылары Абай Құнанбайұлы мен Евгений Михаэлис  "селфи" жасап жатқан сияқты екенін, сондай-ақ көпшілік мүсіндердің ергежейлі екенін жарыса жазған. "Бұл мәдени мұра мен тарихқа жасалған қиянат" деген пікірлер де айтылған. Ақыры, көпшіліктің наразылығынан кейін ол ескерткіш алынып тасталған болатын. Бірақ, ескерткішті орнатуды мойнына алған мердігер компания тендерден алған ақшаны қайтарған-қайтармағаны белгісіз. Ескерткіш жарамсыз болып, қоқысқа тасталды.

Өскемен басшылығы бос тұрған тұғырға "Рухани Жаңғыруды" орнатамыз деп, тағы да жұрттың сынына қалып отыр. Тұғырдағы Абай Құнанбайұлы деген жазуды бүркемелеп қойғанымен, шындық бәрібір көзге көрінетіннің дәлеліндей, Абай деген сөз анық көзге көрініп тұр. Ұлт ұстазының үстіне мініп алған "Рухани Жаңғыруды" патша көңілді оқырманның ой таразысына қалдырдық.

"Адырна" ұлттық порталы

.

Пікірлер