Шабуылдаушыларға қарсы оқ ату президент мәлімдемесінен бұрын басталды - Бас прокурор (ВИДЕО)

3618
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор қанды қаңтарда шабуылдаушыларға оқ ату Президент бұйрығынан бұрын басталғанын мәлім етті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

«Құрметті депутаттар! Күштік құрылым қызметкерлері атыс қаруын бірінші рет Алматыдағы Президент Резиденциясын қорғау кезінде – 5 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында қолданғанына ерекше назар аударғым келеді. Одан кейін полиция мен әкімдіктер ғимараттарына және басқа да объектілерге шабуыл жасалғанда, яғни тәртіпсіздіктер күш көрсету сатысына өткен кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлері қару қолданған. Демек, шабуылдаушыларға қарсы оқ ату Президенттің белгілі мәлімдемесінен едәуір бұрын болған. Бұл жағдай туралы барлық дискуссия қоғамдық пікірді әдейі басқа бағытқа бұруда. Іс жүзінде, қылмыскерлерге оқ ату үшін күштік құрылымдарға арнайы бұйрық қажет емес. Бұл туралы: құқық қорғау қызметі туралы; Ұлттық гвардия туралы; терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңдарда тікелей нормалар бар. Олар адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда шабуылды тойтару үшін атыс қаруын қолдануға мүмкіндік береді», - деді Бас прокурор.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер