Риддер ЖЭО-да тағы да апат болды - Облыс әкімі Ахметов не дейді? (ВИДЕО)

3194
Adyrna.kz Telegram

Риддер жылу электр станциясында тағы да апат болды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың мәлімдеуінше, бұған ЖЭО басшылығы кінәлі.

"Риддер жылу электр орталығы басшылығының немқұрайлығынан багер станциясы қайтадан су астында қалды. Дәл осындай жағдай өткен жылдың 5 қарашасында болғаны мәлім. Мердігер ұйымдардың күш-жігерімен біз мазутты сорып алып, барлық агрегаттардың жұмысын қалпына келтірдік. Алайда, ЖЭО басшылығының кінәсінен жағдай қайтадан қайталанды. Қазір багер станциясында апатты жою жүргізілуде, 4 мотопомпалар, 4 суасты сорғылары іске қосылды. Төтенше жағдай жөніндегі штабтың ақпараты бойынша 3-4 сағат ішінде апаттың салдары жойылады. Риддер тұрғындарына айтарым- болған жағдай станцияның жұмысына әсер етпейді. Алаңдауға ешқандай себеп жоқ. Резервтік жабдық қосылған. Жылу электр орталығынан жылу беру кесте бойынша жүргізіледі. Штаб мамандары оқиғаның себептерін анықтау үстінде", - деп жазды Даниал Ахметов.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер