Асхат Аймағамбетов қызметінен босатылды

5941
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов қызметінен босатылды. Бұл туралы Тelegram-дағы Борт N1 арнасы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды”, – деп жазылған Жарлықта.

Президенттің Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік, Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

2003 жылы Ебіней Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін тарихшы, тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

2006 жылы Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2002 жылы Ебіней Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастады.

2004–2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болды.

2005–2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры, 2006–2012 жылдары — ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарды.

2012–2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2014 жылғы ақпаннан бастап 2017 жылғы тамызға дейін — Қарағанды облысы Білім беру басқармасының басшысы.

2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы қаңтарға дейін Білім жəне ғылым вице-министрі.

2019 жылғы 13 маусымнан бастап Білім және ғылым министрі.

2022 жылғы 11 маусымнан Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

Министр лауазымына тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

2003–2012 жылдары Қарағанды қалалық мәслихатының III және IV шақырылымдарының депутаты, қала мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған.

Пікірлер