"2-Қаңтар оқиғасы": Өзбекстандағы көтерілістің видеолары тарады

3378
Adyrna.kz Telegram

Қаңтар айының алғашқы күні Өзбекстанның Самарқан қаласында халық жаппай көтерілді. Наразылық шеруінің видеолары әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қаңтар айының алғашқы күнінде Самарқан халқы толқыды. Оқырмандардың айтуынша, көтерілістің тууына елдегі газ тапшылығы мен саяси реформалардың тиімсіздігі, диктаторлық билік себеп болған.  Тағы бір жанама себепке сенсек, Өзбекстандағы толқуға сыртқы күштердің ықпалы бар. Әзірге оқиғаға қатысты қандай да бір ресми деректер жоқ.

Бұған қатысты қоғам белсендісі Серік Хасенов:

- Өзбек бауырларға сәттілік. Жасасын еркіндік. Орталық Азия демократияның тағы бір ұясына айналуына тілекшімін, - деп жазды.

Өзбекстан Ішкі Істер министрлігі болған оқиғаны жоққа шығарып, халықтың жаңа жыл тойлауға жиналғанын айтып әлек.

"Бұл хабарлама мен ақпарат мүлдем негізсіз, шындыққа еш жанаспайды. Көптеген қала тұрғындары 31 Желтоқсанда мерекелік іс-шараларды тамашалау үшін орталық алаңдарға жиналды. Мерекеден кейін олар үйлеріне тарады. Мерекелік іс-шара кезінде Mercedes-Benz қара көлігінің иесін қауіпті әрекет, "дрейф", жасағанын көруге болады. Қазір ол адамды анықтап, заң аясында оның әрекетіне баға беру қарастырылуда", - делінген хабарламада.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер