Отыз жылдан астам тәжірибесі бар мұғалімдер тестілеуден босатылады

3791
Adyrna.kz Telegram

Отыз не одан көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер Ұлттық біліктілік тестілеуін (ҰБТ) тапсырудан босатылатын болды. Мектеп қабырғасында ұзақ жылдар қызмет етіп, бай тәжірибеге кенелген мамандар портфолио көрсетіп, еңбегінің жемісін дәлелдесе жетіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше,  "бірінші", "жоғары" санаты бар мұғалімдер жұмыс нәтижесін жан-жақты қорытындылап,  "педагог-модератор" біліктілік санатына ауысса, онда тестілеуге қатыспайды. Оған қоса зейнет жасына шығуға төрт жылдан аз уақыт қалған мұғалімдер де аттестациядан босатылады.

"Мысалы, бұрын еңбек өтіліне және тәжірибесіне қарамастан барлық мұғалім ҰБТ тапсырса, енді жекелеген санаттар ҰБТ-дан босатылады. Бұл үлкен, 30 жыл педагогикалық өтілі бар, зейнетке шығуға 4 жыл қалған мұғалімдерге де қатысты. Аттестация мұғалімдердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында өткізілетінін, оның нәтижелері бойынша оларға біліктілік санаттары тағайындалатынын немесе бекітілгенін және жалақының 30-дан 50%-ға дейінгі мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төленетінін атап өтемін", - деді Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Каримова.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер