Міне, күтсек те, күтпесек те, асықсақ та, асықпасақ та, жатсақ та, тұрсақ та, қалай болғанда да, Иса а.с. дүниеге келген уақытынан бері есептелетін, Григориан календарымен 2023 жыл келді.
Біздің эрамызға дейінгі 45 жылы Юлий Цезарь енгізген, өз атына сай «Юлиан» күнтізбесін, високостық жылдар сәйкес келмейді, артық күндер бар деп, тағы да себептер тауып, Рим папасы Григорий XIII, 1582 жылдың 4 қазанда, тағы да, өз атына сай «Григориан» күнтізбесін енгізді. Әрине, бүкіл әлем жұртшылығы, оның ішінде христиан әлемі бәрі қол шапалақтап, «папаның аты папа ғой, осы жөн айтып тұр», - деп қолдай кеткен жоқ. Тіпті, қанды қақтығыстар болып өткен. 1583ж. Григорий Папаның, жаңа календарға ауысу туралы ұсынысын, Константинополь Патриархы Иремии ІІ қабылдамай тастады.
«Ескі» мен «Жаңаның» текетірестері қанша ғасыр өтсе де әлі де сарқыншағы қалып, күнтізбеге өткен айырмашылдық күндер елді әуресарсаңға салуда. Ал, Иисус Христос с.а. туған күнін - «Рождество» екі рет (25 желтоқсан мен 7 қаңтарда атап өту), 13 нен 14 қаңтарға ауысатын «ескі жаңа жыл» (старый Новый год) деп атап өту, 1818 жылы РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесі қаулысымен Жаңа жылдың Григориан күнтізбесінен басталуын қабылдауы (31 қаңтардан, 14-і ақпаңға бірден ауысу) да посткеңестік елімізде түсінбеушілікті сақтап келеді.
Жаңа жылды атап өтуді Ресей империясында Петр патша, Голландияға барып, кеме жасауды үйренуге барған сапарында көріп, елге келген соң, мереке ретінде тойлауға әмір береді. Жаңалықтарға қарсы болған боярлардың қауғадай сақалдарын күзетіп, масқаралап,
Мұсылман күнтізбесі де, Жаратушы елшісі, соңғы Пайғамбар, Мухаммед мустафа с.а.с. байланысты. Бірақ, туылған күні емес, Мекке қаласынан Мединеге ауысумен (жиһад) байланысты. Мұсылман күнтізбесі Аймен (лунный календарь) саналып, жылына 10 күнге жылжып отырады. Сондықтан, биылғы Рамазан айы (ораза тұтуымыз) 2023 жылдың 23 наурызына сәйкес келсе, келер жылы он күнге, алдыға жылжиды. Ал, ардақты пайғамбарымыздың туылған күнін, сол ай бойы «Мәуліт» деп атап өтіледі.
Мұсылмандар не үшін осы мерекені қабылдамай, харамға жатқызады?
- Иса ә.с. пайғамбар екенін мойындаймыз, бірақ, соңғы пайғамбар Мухаммед с.а.с. сүннетімен жүреміз. Ахли сунна ұстанамыз, имам абу Ханифа мазхабынанбыз;
- Жаңа жылда тілекті орындайтын Аяз ата емес, барлық ризық – несібе бір Алладан, оны басқадан күту - ширк. Яғни, Аллаға серік қосу болып табылады;
- Шыршаны безендендіру, оны қол ұстасып айналу, исламға дейінгі наным сенімнің символы мен әрекеті;
- Тура сағат 00 – де Жаңа жылды күтіп, цифрлардан үміт етіп, тілеу де ширкке жатады. Жақсылық пен жамандықты сынақ ретінде беретін Жаратушы. Ал, жылдың бір саннан екіншіге ауысуы, белгілеген күнтізбенің реттік өлшемі ғана;
- Жаңа жылды тойлап, мол дастарханмен қарсы алсаң, келер жылың молшылықпен өтеді деу де күнә, ризық – несібе, бір Алладан. Келер жылды молшылықпен, ризықты молынан, аман - саулық, отбасына береке, елімізге тыныштық бер, - деген сияқты тілектер тек Аллаға бағышталады;
- Отшашу (салют) арзан зат емес. Оны аттың, болды. Бірақ, қаншама ауаға кеткен ысырап. Оның қаражатын жетім мен жесірге, мұқтаждарға тамақ, киім, оқу ақысына, үй ақысына берген абзал. Жалпы, отшашу – қытайлардың жындарды қорқытып, қашыру үшін қатты тарсылдатып жасайтын нанымдарынан. Сол үшін де, түрлі құбыжықтар жасап есік алдарына қойяды, айдаһарлар жасап, жын – шайтандарды қорқытады. Мұсылмандар – кез-келген іс бастарда «Бисмиллә», «Ағузу билаһи мин аш-шайтанир ражим» (қуылған шайтаннан сақта) деп айту. Қысқаша айтқанда, Алланы еске алудан ол лағнеттер қашады.
Мадияров Мирхат (Мірқожа): тарих ғылымдары кандидаты,
қоғамтанушы, дінтанушы, эксперт маман.
Алматы 02.01.2023ж.
Ұқсас жаңалықтар