Солтүстік Корея Жапон теңізіне баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы Yonhap агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Осы ақпаратты Солтүстік Кореяның зымырандық әрекетін бақылайтын Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары да растады. Зымыранның ұшу қашықтығы, биіктігі мен жылдамдығы туралы әзірге ақпарат жоқ.
Мәлімет бойынша, Пхеньян Сеулдің өткен аптада қатты отынды ғарыштық зымыран ұшыруына жауап ретінде өзінің атыс күшін көрсете бастады.
31 желтоқсан күні таңертең Солтүстік Корея Жапонияға қарай қысқа қашықтықтағы үш баллистикалық зымыран ұшырған. Снарядтар максималды 100 шақырым биіктікте 350 шақырым ұшып, одан кейін Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан тыс теңізге құлады.
Ұқсас жаңалықтар
Жапония 118 жыл бұрын Ресей империясын тас-талқан етіп, тізерлеткен болатын. 1905 жылы 27-28 мамырда әйгілі Цусима шайқасы болды.